Депутаттарға не айтты?

Ей, сұрақ қоюшы депутаттар! Шығыста бес миллионға жуық күрт бар. Жүз миллионға жуық Ирандықтар, Үнділер бар. Жетпіс миллион Араб, қырық миллион кавказдық бар. Бір-бірімен көршілес жатқан және бір-біріне мұқтаж осы бауырлас халықтарға менің сол шәкіртімнің медреседен алған діни сабағы пайдалы ма, әлде, елді бұзып, өз ұлтынан басқаны ойламайтын, Ислами бауырластықтың не екенін түсінбейтін, марқұм шәкіртімнің екінші жағдайы пайдалы ма? Бұған не дейсіздер?!

Осы әңгімеден кейін әдет-ғұрыптарға қарсы, батысшыл пікірдегі депутаттар келісім беріп, қол қойды. Аттарын айтпай-ақ, қояйын. Аллаһ алдынан жарылқасын, қазір олардың бәрі де қайтыс болып кетті.Университеттегі сабақтар діни білімдерге негізделеді. Өйткені, сыртқы күштің шабуылы имансыздықты насихаттауда. Ондай руханиятқа қарсы шабуылдарға қарсы атом бомбасының өзі де руханияттан нәр алса ғана қарсы тұра алады.

Елу бес жыл бойы осы мәселелерге бүкіл күшін жұмсап, мәселені егжей-тегжейлі зерттеген адамның ойын біліп, пікірін сұраудың орнына, осы мәселе бойынша Америкамен, Еуропамен ақылдасуға мәжбүр болып отырсыңдар, әрине менің де айтуға хақым бар. Елдің қамын алаңдаушы халқымның атынан сізден жауап күтемін!