Тәухидтің қандай түрлері бар?

Біреуі қарапайым, терең бойлап, байыбына бармай: "Аллаһ Тағала
біреу, серігі жоқ, мына әлем жаппай соныкі" дейді.
Екіншісі болса, нағыз тәухид. Ол, барлық нәрседен Құдіреттің
таңбасын, Рубубиеттің мөрін, Иләһи қаламның жазуын көріп, әр нәрседен
Жаратушыға апарар тіке жол тауып, Оның бар әрі бір екеніне, оқиғалар
оның құдіретімен болатынына, Улухиеті мен Рубубиеті шексіз, мүлкінде
әсте серігі, көмекшісі жоқ екеніне көзбен көргендей кәміл сеніп, жүрекпен
бекіте иман келтіру. Белгілі бір мағынада құзыр тауып, өзін Раббысының
алдында тұрғанын сезіну.