Көпшіліктің бақыты үшін жеке адамдар пида етіле ме?

Image

Қазір өздерін мәдениеттің ең жоғарғы сатысындамыз деп жүргендердің кейбіреуі өзінің кертартпалық әрекетінің кесірінен адамзаттың жабайылық кезеңіне қайта оралуда. Адамзаттың бақытын да, тыныштығын да, әділеттілікті де тас-талқан етер сол жабайылық, қазір біздің бишара мемлекетімізге қайта келгендей немесе әкелінгелі жатыр. Партияшыл кейбір ағымдарға сол түсінік егіліп жатыр. Оның негізі мынада: Бір топтың бір мүшесінің қателігі үшін сол топтың, партияның, ағымның барлық мүшесін жазаға тарту. Бір қателікті мыңдаған қателікке айналдырып жібереді. Бірлік пен ауызбіршіліктің іргетасы саналатын бауыраластық, туысқандық, отандастық, сүйіспеншіліктің тас-талқаны шығуда. Мұндай бірбіріне қарсылас күштер әлсіреп қалатындықтан, инквизицияшыл, жабайы заңдарға қарсы, нағыз әділет, нағыз ақиқат заңы – Қасиетті Құранда нақты айтылған “Біреудің күнәсің басқа біреу арқаламайды” аятының ақиқаты. Өзара сүйіспеншілікті де, бауырластық сезімді де біздің мұсылман халықтарына сіңдіріп, елді үлкен пәлекеттерден қорғап тұрған да осы қағида. Яғни, біреудің қателігі үшін басқа адам жауапқа тартылмайды, туған бауыры руласы, партияласы болса да сол қателікке ортақ болмайды. Әрі кетсе қылмысқа, ризашылық танытқандай рухани күнәһар болады. Ақыретте жазасын тартады. Заң аясында, ресми түрде жауапқа тартылмайды. Егер осы қағида тез арада негізгі заң ретінде қабылданбаса, адамзат екі дүниежүзілік соғыста көрген қырғынды тағы қайталап, қоғамдық өмір әсфәл-і сафилин (төмендердің ең төменгі жағдайы) саналар жабайылық жағдайға қайта оралады. Міне, Құранның негізгі қағидасына «керітартпалық» деп жүргендердікі нағыз жабайылық. Осындай, саясат ұстанып жүргендердің сенім артқан негізгі заңдары: Отан үшін жеке тұлғалардың құқы құрбан болады. Мемлекеттік саясаттың жолында аздап қылмыс жасала береді», деп бір қылмыскердің кесірінен бір ауылды жоқ қылып, мыңдаған бәйкүна жандардың құқын таптайды. Бір адамның жаралануы себепті, мыңдаған адамды қиын жағдайға душар ету немесе екі жүз адамның өліміне жиырма жыл бойы мән бермеу, Бірінші Дүние Жүзілік соғыста үш мың адамның саяси қылмыстарының кесірінен отыз миллион адамның опат болуы сынды мыңдаған мысал келтіруге болады.

(Көптеген жерлерде жарияланған және Премьер Министрге де жеткізілген бір ақиқат)