Неліктен Иманның бір ақиқатын не бір шартын теріске шығарған діннен безген боп имансыз атанады да, мойындамағандар Дін Исламнан шығады? Бірақ, олар иманның басқа шарттарына сеніп еді ғой. Ондай иман оларды нағыз кәпір болудан сақтап қалуы керек емес пе?»

«Неліктен Имани ақиқаттардың бір бөлігін жоққа шығарған адам кәпір болады және оны толық қабылдамаған кісіні мұсылман демейді? Алайда, Аллаһқа, Ақыретке иман жарқыраған Күндей нұр шашып қараңғылық қалдырмауы керек қой?

Жауабы: Иман деген алты шарттан құралған уахдани (тұтас) ақиқат. Оны бөліп жару мүмкін емес. Ол жікке бөлінбейтін тұтас нәрсе. Ауқымының кеңдігі сонша бөлуге келмейді. Себебі, иманның әрбір шарты өзін дәлелдейтін айғақтарымен басқа шарттарын да дәлелдеп, мықтап бекітеді. Бір-бірін қуаттап, біріне-бірі бұлтартпас дәлел боп табылады. Олай болса бүкіл шарттарды толық дәлелдерімен қоса жоққа шығара алмайтын қарсы пікір, ақиқатында бір ғана шартты, тіпті, бір ғана имани ақиқатты әшкерелеп жоққа шығара алмайды. Бірақ кейде,қабылдамау дейтін пердені жамылып, көзін жұмып, қырсығып сенбеуі мүмкін. Ол да бара-бара иман шарттарын толығымен жоққа шығаруға апарып, нағыз кәпірге айналдырып адами құндылықтан жұрдай қылады. Һәм рухымен, һәм денесімен жәһаннамға лайық болады.