Күпірліктің қандай түрлері бар?

Кәпірлік, адасушылық екі түрлі болады. Бірі; «амали уә фәри» деп аталады, яғни адам өзіне жүктелген міндетті атқармай, қамсыз-хәрекетсіз болып, иманның үкімдерімен жұмысы болмай, оған сенбейді. Мұндай кәпірлік оңай, ақиқатты мойындамау, тастап кету, тәрк ету, қоя беру, қабылдамау. Міне, рисаледе осы түрі оңай делінген-ді.

Екіншісі; Қамсыз-хәрекетсіз емес, бұл иманның негізіне қатысты, Ислами пікірге байланысты нанымға қарсы үкім айту. Бұл күпірлік тек иман шарттарын қабылдамау ғана емес, оған қарсы пікір айтып, теріске шығару. Бұл, бұрысты қабылдау, дұрыстың бұрысын дәлелдеу боп табылады.Иманның үкімдеріне тек сенбеу ғана емес,керісінше олай еместігін дәлелдеу.Иманды тек қабылдамау болса оңай болар еді, жоқ мұндай кәпірлік қарсы шығып, оның бұрыс екенін дәлелдеуге тырысады.