Егер былай десең: "Мұншама шексіз, мол нығметтерді шектеулі де азғантай шүкірмен қалай қайтармақпыз?"

Жауабы: Шексіз ниетпен, зор сеніммен. Мәселен, бір байғұс қолында бес
теңгелік сыйлығымен падишахтың құзырына кіреді. Қараса, ірі тұлғалар
әрқайсысы миллион теңге тұратын сыйлық әкеп тапсырып жатыр екен.
Бұл іштен "менің сыйлығым бұлардың қасында түк емес, не істесем екен?"
деп қапаланады. Кенет басын көтеріп былай дейді: "О, патша ағзам! Егер
менің қолымнан келсе, осы сыйлықтың бәрін өз атымнан сізге ұсынар
едім. Себебі сіз, оған лайықсыз". Міне, ештеңеге мұқтаж емес, тек
халқының адалдығына белгі боларлық және қаншалықты құрметтейтінін
білу үшін сыйлықтарды қабылдап жатқан әлгі падишах манағы байғұстың
шексіз алғысын, ыстық лебізін, риясыз ниетін, өзі туралы жақсы ойын ең
қымбат сыйлық ретінде қабыл алады.
Дәл сол сияқты, дәрменсіз бір құл, намаз оқығанда "әттахияту лилләһ"
яғни барша мақұлықтың тірі болып, өмір сүруі арқылы саған жасаған
құлшылық-сыйлықтарын мен өз атымнан барлығын жаппай саған ұсы­
намын. Егер қолымнан келгенде сондай барлық құлшылықты өзім жасар
едім. Сен оған тіпті одан да артығына лайықсың" дейді. Мұндай ақ ниет,
зор сенім шексіз шүкір боп саналады.
Өсімдік, шөптердің тұқым, дәндері олардың ниеттері боп табылады.
Мәселен, қауын қалбындағы дәні арқылы мыңдап ниет етеді: "Уа,
Жаратқан Ием! Сенің көркем есімдеріңнің өрнектерін жердің көптеген
тұстарына жар салғым келеді". Аллаһ тағала енді келетіндердің қалай
келетінін білетіндіктен олардың ниеттерін іс жүзінде ғибадат жасағандай
қабыл етеді. "Мүминнің ниеті жасайтын амалынан қайырлы" дегені осыған
ишара. Һәм Сондай-ақ, мәселен бір қолбасшы бүкіл жауынгерлердің қызметтерінің жиынтығын өз атынан падишахқа ұсынады. Сол сияқты жаратылысқа басшылық
ететін, хайуанат пен өсімдіктерге командир қызметін атқарушы, дүние­
нің халифасы болуға лайық және өзінің ішкі дүниесінде бәріне өзін
уәкіл тағайындаған пенде яғни тек ғана саған құлшылық етеміз, тек сенен ғана жәрдем сұраймыз дейді. Барлық жараты­лыстың ғибадаттарын, жалбарынуын өз атынан Мағбуд-ы Зүлжәлалға
ұсынып отырады.Солай болуы керек, себебі болмыс атаулы Мұхаммедтің (с.а.у) нұрымен тығыз
байланысты. Міне, тәсбихат айтқанда, салауат қайырғанда саны шексіз
болып айтылуының сыры осында.