«Қайта-қайта дұға етіп жалбарынып жатқанда кейде қабыл бол майды. Алайда, аят жалпыға ортақ, әрі барлық дұғаға бірдей жауап бері леді, дейді. Сонда қалай?»

Оған айтылар жауап мынадай: Жауап беру бір басқа, қабыл алу бір басқа. Барлық дұғаның жауабы беріледі. Бірақ, қабыл болуы және дәл сұрағанының берілуі Аллаһ Тағаланың хикметіне тәуелді.Мәселен, науқас бала дәрігерге келіп: «Дәрігер!» – дейді. «Иә балақай, айта ғой,» – деп жауап береді дәрігер. «Маған анау дәріні бересіз бе?» – дейді бала. Дәрігер болса, оның сұрағанын бұлжытпай орындайды, не оның жағдайына байланысты одан да жақсысын береді, не болмаса ден саулы ғына зиян екенін біліп ештеңе бермейді.

Сол сияқты Жанаб-ы Хаким-і Мұтлақ (Нағыз дана, хикмет иесі) бәрін көріп, білетін болғандықтан құлының дұғасын жауапсыз қалдырмайды. Оның жалғыздық пен үрейін басатын сабыр сыйлап, жауап беру арқылы достық шыраймен көңілін жайлайды. Әрине, адамның әуесқой нәпсісінің қалауына қарай емес, Раббани хикметінің талабына сай тілегенін немесе одан да тәуірін береді. Болмаса мүлдем бермейді.