
ЖАУАБЫ: Хикмет сыры мынада: Адасу мен жаманшылықтың басым көпшілігі бұзып-қирату, жоққа шығару, қабылдамау, болдырмау болып табылады. Ал хидает, тура жол,жақсылықтың негізі болса, қабылдау, орындау, бір нәрсені іске асыру, жөндеу болып табылады. Әркімге мәлім; жиырма адамның жиырма күн бойы тер төгіп салған ғимаратын бір адам бір күнде бұзып тастайды.
Иә, шынымен, барлық сезім мүшелер аман-сау, алғы шарттардың толық болуымен жалғасын табатын адам өмірі, Жаратушы Иеміздің құдрет қолында болғанымен бір залымның қастандық пиғылымен маңызды мүшесіне зақым берген кезде, тіршілікпен салыстырғанда жоқ саналатын өлімге душар болады. Сондықтан «әттахриб-үл әсхәл» яғни бұзу өте оңай деген. Міне, осы сырға байланысты, адасқан кәпірлер азғантай күшпен тура жолдағы күштілерді кейде жеңіп кетіп жатады. Алайда тура жолдағылардың бекем қорғаныс тәсілдері бар. Оны жақсылап пайдаланса әлгіндей қауіпті дұшпандар жолай алмайды, әсте зиян бере алмайды.
Егер уақытша зиян берсе дағы мәңгі сауап пен мол бақытқа бөленуге себеп болатындықтан ол зиянның орны еселеп қайтарылады. Әлгі қорғаныс тәсілдері мен мықты бекініс – Ардақты Мұхаммедтің (с.а.у.) шариғаты және көркем сүннеттері.