Лахиқалардың Рисалей Нұрдың ішіне енуінің себебтері.

Хулуси Бэй мен Сабри мырза жазған хаттардың ішінде Рисалей-Нұрмен қатысты бөлімдерінің топтама жасалып Риселей-Нұр кітаптарының ішіне енуінің бес себебі бар.

Біріншіден; Хулуси Бэй, соңғы жазылған Сөздер мен жалпы Мектубат кітаптарының жазылуына күш жұмсап, қажыр-қайрат танытуы, ыстық ықыласты болуы маңызды себеп болды. Сабри да Он Тоғызыншы Мектуб сынды Мектубат кітабының үштен бір бөлігінің жазылуына ұйытқы болды яғни оның шынайы ықыласы мен аса құштарлығы себеп болды.

Екіншіден; Бұл екеуі күндердің күнінде өздері жазған хаттар жарияланып кітапқа енетінін білмейтін. Білмегендіктен өте шынайы, риясыз, ықыласпен және өздерінің нендей қызық алғанын, сондай-ақ кітаптағы ақиқаттарға ынтық-ықыластарын білдіру ниетімен жеке түрде, арнайы маған жазған болатын. Сондықтан олардың ризашыл ойлары кітапқа кіріспе емес, тікелей еш асыра сілтеусіз не көріп, не сезген болса ақиқат солай жызылды.

Үшіншіден; Бұл екеуі шынайы тәлабаларым әрі ықыласты достарым. Олар Құран қызметіндегі жолдастарымның ішінде үш қасиетке ие яғни тәлаба әрі бауыр әрі жолдас. Бұл екеуі үш қасиетте жоғары дәрежеде.

Бірінші қасиет: Маған қатысты нәрсенің бәріне өз заты секілді жанашырлық танытып, иеленеді. Бір сөз жазылса өздері жазғандай сезініп рахаттанып, Аллаһқа шүкір етеді. Бейне бір денелері әртүрлі бірақ жандары бір секілді шынайы әрі рухани мұрагерлерім тәрізді.

Екінші қасиет: Өмірдегі мақсаттары ішінде ең ұлы, басты мақсаттары сол нұрлы Сөздер арқылы Құранға қызмет ету деп біледі. Дүниялық өмірінің негізгі нәтижесі, жалпы дүнияға келуіндегі басты міндеті иман ақиқаттарына қызмет, оның жайылып тарауы деп біледі.

Үшінші қасиет: Мен өзіме тәжірибе қылған және Құранның киелі дәріханасынан алған дәрі-дәрмектерімді олар да өз жараларын тауып әлгі дәрілерді шипа ретінде пайдаланып көреді де дәл мен сияқты сезінеді. Және олар, мүміндердің имандарын сақтап қалуға қайрат-жігерлері өте жоғары дәрежеде және имандылардың жүрегінде күдіктен, күмәннан пайда болған жараларды емдеуге деген құлшыныс мейірімділіктің жоғарғы сатысында, олар соны сезінеді.

Төртінші себебі: Хулуси Бэй, менің жалғыз мағынауи балам және жұбанышым және нағыз мұрагерім әрі өте зерек әрі зор үмітім болған інім Абдурахман қайтыс болғаннан кейін оның дәл орнын басып, марқұм інімнен күткен қызметті орындауы сондай-ақ, мен оны көрмей-ақ, ертеректе Сөздер кітабын жазарда дәл оның міндетіне қатысты бір мағынауи тұлғаны өзіме тыңдаушы ретінде қабылдап көптеген тәмсіл-мысалдарым оның міндетіне, игерген мамандығына қарай баяндалатын. Демек былай болғаны ғой, Хақ тағала оны Құран мен Иманға қызметте бір тәлаба, қолғабыс, демеуші ретінде бекіткен. Мен мұның парқына бармай, онымен өзін көрмей тұрып сөйлесіп, дәріс беріп жатқан екенмін.

Сабри болса, жаратылысы тұрғысынан маған қатысты бір белгі бар. Мен болған жерлерде ондай ерекшелік көрмедім. Сабриде дәл менікінде белгі-нышан бар. Ол барлық тәлабаларым арасында маған өзін ағайын-туыстан да жақын сезінетін. Осы аймақта одан аз үмітім болып, өзі де кеш оянған бола тұра озат шәкірт атанып, алғы шепті иеленуі мынаны меңзейді: Ол да Сани Хулуси яғни екінші Хулуси, әрі таңдаулы тәлабам. Оны Аллаһ тағала маған тәлаба әрі Құран қызметінде жолдас ретінде тағайындаған.

Бесінші себеп: Мен өзіме қатысты жоғары баға, мақтау сөздерді қабылдамаймын. Өйткені, оның рухани көп зиянын көрдім. Сондықтан жеке басыма қатысты мадақты тәкаппарлыққа, менмендікке себеп болатындықтан одан қатты жиеркеніп қорқамын. Бірақ, Қасиетті Құранның дәлдалы, қызметшісі болуым жағынан және сол киелі міндет үшін жоғары бағалау, мадақтау маған қатысты болмағандықтан, ол Нұрлы Сөздерге, тіпті тікелей Иман ақиқаттарына, Құранның тылсым сырларына қатысты болғандықтан оны мақтанып емес, Құдайға шүкіршілік мақсатында қабылдаймын. Сонымен, бұл екі тұлға осы ақиқатты бәрінен жоғары түсінгендіктен, өздері байқамай, ар-ождандарының бұйрығымен жазған жоғары бағалау, мадақ сөздерін Рисалей-Нұр кітаптарының ішіне енгізуге себеп болды. Хақ тағала оларға ұқсас жандарды көбейтсін, оларға да сәттілік берсін және тура жолдан тайдырмасын, әмин.

Саид Нұрси