Бауырларым!

Сотта өзімізді ақтап жазған жазбаларымызда «Спарталық сөз тасушылар» деген болсам, ол бізді абақтыға қаматқан Анкарадағы залымдарды айтқан болатынмын. Амал жоқтан солай деуге тура келді. Қазіргі таңда Спарта менің берекелі отаным әрі аса қымбатты бауырларымның туған жері болғандықтан «Спарталық сөз тасушы, тыңшылар» деген сөзді өшіріп, орнына «діннен безген залымдар» деп жаздым. Сендер де солай түзетіңдер. Сондай-ақ, қаһарман Тахиридың маған жазған «Мүдафат» рисалесінде, Қарттар Лемасында Анкара жайлы сегізінші Үміт деп жазылыпты, негізінде жетінші Үміт болатын, оны да түзетерсіңдер. Тахиридай баласы бар, үйінде Рисалей-Нұрдың алты шәкірті бар бауырымыз Хүснү мырзаға сәлеміне сәлем жолдап, шын жүректен құттықтаймын.

Қазір басқа шәкірттерімнен жоғары саналғандықтан емес, менің жанымда, маған қызмет етіп, менің барлық әрекеттерімді жақыннан көріп-біліп жүргендіктен төрт-бес адамды толық өкіл етіп отырмын. Мен өлсем немесе тірі болғаныммен есімді жоғалтып алсам Нұр қызметімді қалай атқарғандығымды біле отырып, олар да дәл солай жалғастырсын. Әзірге Тахири, Сұңғыр, Жейлан, Хүснү тағы бір-екі адамды толық өкілдерім ретінде тағайындаймын. Рисалей-Нұрдың сатылымынан түскен қаражат Рисалей-Нұрдың меншігі. Саид та бір қызметші. Тірі кезінде нан пұлын алуына болады. Осы күндері өлімнің шеті көрініп тұрғандай. Бес-алты аймақта отырған елу-алпыс шәкіртімнің екі-үш жылдық нан пұлын Нұрдың ақшасынан беріп тұруға ниет етіп тұрып, кейбіреуі әр түрлі кедергілерге байланысты шәкірттік қызметтен бас тартуы мүмкін ғой деп, бас тарттым. Өсиетімді жаздым.

Саид Нұрси

Ғазиз, адал бауырларым!

Нұр фабрикасының иесі мен қаһарман Тахири бізді қуанышқа бөлейтін сүйінші хабар беруде, сонымен қатар кейбір мәселелер туралы сұрап жатыр. Қызметте белсенді әрі негіз боп саналатын кісілердің тоқтамы, дұрыс деп шешкен ұйғарымдары менің ойымнан да дұрысырақ иншаллаһ.

Үшіншіден: Өз үйін шағын Нұр медресесіне айналдырып, қаһарман Тахири сынды Нұрдың хас батырын Нұр қызметіне берген Тахиридің әкесінің қайтыс болуына байланысты марқұмның туыстарына, Спартаға, Нұр қызметіндегілерге көңіл айтамын. Хақ Тағала Нұрдағы әріптердің санынша рухына рахмет жаудырсын,

әмин...