Сыддық Сулейман

Оның хатында айтылған Барла Нұр медресесінің бас хатшысы Шамдық Хафыз Тауфықтың сабақтарында Сыддық Сүлейменнің баласы Жүсіп, марқұм Мұстафа Чавуштың, Ахмедтің ұлдары Құран сабағын алып, ескіше жазуды, Нұрларды үйренуі, Хулуси мен Хафыз Хаққының Нұрларды құлшына жазуы Барлаға деген үмітімді арттырып, көңілімді тереңнен жадыратып тастады. Хақ Тағала табысқа кенелтсін... әмин. Тауфиққа да таупық берсін, әмин! (Саид Нұрси)

[Ұстаз Хазреттің Әмірдағында Байланысшы Сабри мен Сыддық Сүлейманға Арабша «Ишаратүл Иғжаз» кітабынан өткізген сабағы]

Ишаратүл-Иғжаздың бірінші томы. Барлығы жетпіс том болуы керек еді. Алайда Рисалей-Нұр Құранның рухани тәпсірі болғандықтан, «Бүгінгі таңда мен көбірек қажет боламын», деді. Басқа томдардың орнына сол жазылды. Ишаратүл Иғжаз-барлық Рисалей-Нұрдың мазмұны, тізімі және сол Нұр бақшасының көшеті егілген орын және Құран мұғжизаларының сырын ашар қайнар көз екендігі көрініп тұр. Өте терең және ерекше болғандықтан ғалымдар бүгінге дейін азғантай бөлімін ғана түсінген еді. Қай-қайсысы оқыса да мақтап, «теңдесі жоқ» деген еді. Бірінші дүние жүзілік соғыста алғы шепте, кейде ат үстінде, Құранның шешендігіндегі мұғжизалардың ең нәзік байланыстарын байқауы, соларға толық көңіл бөлуі, сұрапыл соғыстың қаупі оны алаңдатпауы, қақаған қыста алғы шепте жүріп мұғжизалардағы нәзік байланыстарды байқауы, Бұрынғы Саидтың расында да Құран қызметіндегі жанкештілігі Бүгінгі Саидтың отыз бес жыл бойы, мынадай уақытта газет оқымауы, он жыл бойы Екінші дүние жүзілік соғыс жайлы сұрамауы, өлім жазасына тарту үшін қамаған түрмелерде Құранның сырларын жазуды тоқтатпауы, бұл қауіптерге мән бермеуі, Бүгінгі Саидтың отыз жылдық жанкештілігі Бұрынғы Саидтың сол кездегі сұмдық жағдайларға мән бермей Ишаратүл Иғжазды жазған кезіндегі ғылыми және рухани жанкештілігіне, жете алмайтындығын байқаймыз.

Екіншіден: Ишаратүл-Иғжаздың баспадан шыққан нұсқасында расында да керемет бар, кездейсоқтықтың болуы мүмкін емес. Сондықтан тағы бір рет қаз-қалпында бастырып, Арабстан, Пакистан сынды елдерге жөнелтуді жөн санадық. Алайда Бұрынғы Саидтың, Құранның шешендігіндегі мұғжизаларды баяндаған және өте нәзік шешендік байланыстарды түсіндірген, қысқа болғанымен көптеген мағыналарды қамтып тұрған сөйлемдерін Түрікшеге аудару қажет болды. Ишаратүл-Иғжаздағы ғажайып нәрселердің біреуі мынау: Әр бір аяттың басқа аяттармен байланысын, әр аяттағы сөйлемдердің бір-бірімен байланысын, жүйелілігін, сөйлем мүшелері мен әріптердің негізгі мағынамен байланысын көрсетіп, аяттардың, сөйлемдердің жүйесі мен жүйелілігінен, әр сөйлемдегі ұйқастан мұғжизаның нұрын көрсетуі.

Сағаттағы секундтарды, минуттарды, сағаттарды көрсететін тілдер сияқты, ұйқастардағы сырлар мен ақиқаттарды дәлелдермен түсіндіріп береді, тіпті кейде бір әріптегі ұлы ақиқатты жеткізеді. Әр бір аяттың ақиқатын, мұғжиза екендігін нақты айғақтармен дәлелдеп береді. Қазіргі жүз отыз рисаленің өзегі дәнектері іспетті. Сөйлемдер мен сөйлем мүшелерінің, әріптердің сырлары мен астарлы түрде жеткізіп тұрған үкімдерін шешендік ілімінің (өнердің) қағидаларына, граматика ілімі мен логика ілімінің ережелеріне, діни жүйе мен басқа да ілімдердің заңдарына сай баяндайды. Тіпті рухани микроскоппен қарап, көзге көрінбейтін нәзік байланыстарды баяндап, нышан-белгілерін көрсетіп береді. Еш нәрсе Құранның назарынан тыс қалмайтындықтан, айтылған хақ мағыналар мен сырларға Құранның қасиетті сөздерінде астарлы, ишаралық дәлелдер бар.

Хусрев, Сұңғыр, Хайри, Садық,Сабри, Сыддық Сүлейман

Құрметті Аднан Мендерес,

Бар мақсаты Отан мен халықтың сәлеметі болған және сол жолда тер төгіп, сабақ беріп жүрген Ұстазымыз Бәдиүззаман сынды мүбәрак, аяулы жанның Демократ Партияға жасаған жақсылықтарын қызғанған Халық Партиясы мен Ұлт Партиясының адамдары, биліктегі партия жасап жатқандай көрініп, неше түрлі сылтаулармен Ұстазды қинап, оны Демократ Партиядан сырт айналдыру жолында бар күштерін салуда екендіктеріне толық сенімдіміз.Сіз сияқты «Діннің талаптарын орындаймыз, дін бұл елге ешқандай қауіп төндірмейді», деген Премьер министрден, Отан, Ұлт, Ислам атынан Партиямызға моралдық-материялдық көп көмегі тиген қадірменді Ұстазымыздың кітаптарына және өзіне толық еркіндік беріліп, бұдан кейін мазаламаудың жолын қарастыруды өтінеміз.

Құрметпен Демократ Партияныңмүшелері және Нұр шәкірттері:Мұстафа, Нури, Нури, Хамза, Сүлейман,Хасан, Сейда, Режеб, Ибарһим, Ферик,Мүзаффар, Тахир, Садық, Мехмед.