Рисалей-Нұр алғаш жазылып жатқанда тұңғыш жазып көбейтуші Шамлы Хафыз Тәуфиқтың жұбайы, марқұм Зәхра, мен сол Барлада болғанымда Шамлы Хафыз Рисалей-Нұрды көшіріп жазуы үшін күйеуінің орнына отын арқалап отын таситын. Хафыз нұрларды жазсын деп оның жұмыстарын өзі атқаратын. Біз сол марқұмның жасаған жақсылығы үшін оны Рисалей-Нұрдың қайтыс болған хас тәлабалары арасына сол кезден бастап қосып дұғамызға ортақ қылған едік бұдан кейінде, дұға етеміз.

Шамлы Тәуфиқ бауырымыздың сақтануы өте дұрыс дей отырып бұрынғы атқарған қызметтерінің сауабы оның амал дәптеріне әрдайым жазылып тұруы үшін өзі де әрдайым қызмет етуі керек. Құдайға шүкір алмастай қаламымен рисалелерді жазуға қайтадан бастауы жаныма үміт сыйлап, ынта-жігерімді оятып көңілді бір демеп тастады. Барлада өткен күндерді сағынышпен еске салды.

Бұл рисалені талқылап оқыған адам терең зерттеп әсіресе джифри есеп санымен шұғылданудың қажеті жоқ. Әрі кейбір жерлерін түсінбесе де оқасы жоқ. Әрі барлығын толық оқу да шарт емес. Әрі Ғаус-ы Ағзамның кәраматы туралы жазбаның соңында 224-бетте Шамлы Хафыз Тәуфиқ жазған ой-пікірінен бастап соңына дейін талдап-талқылаған соң және басындағы кіріспені де оқығаннан кейін жазбаны толық оқып шықсын.

Шамлы Хафиз Тәуфиқ. Оның өзі айтады: Иә, мұны мойындаймын. Мен білместіктен, қателесіп Құран қызметіне кедергі болдым. Соның кесірінен екі мейірім шапалағын жедім. Бұл екі жағдай дәл соған байланысты екеніне шүбә жоқ. Біріншісі, Әлхамдулиллаһ, Аллаһ маған Құранды жазуға ыңғайлы арабша жазу қабілетін сыйлаған еді. Ұстазым ең алдымен маған үш параны жаздыруға басқа достарыммен бірге бөліп берді. Бұл Құран жазу қызметі менің Рисалелерді көшіру жұмысыма кедергі болды. Әрі, арабша жазуы нашар басқа достарымнан асып түсетін шығармын деген мақтаныш сезімі де жоқ емес. Тіпті, Ұстазым маған жазуға қатысты кеңес берген кезде, «бұл жұмыс маған белгілі ғой, ол туралы кеңес алудың маған онша қажеті жоқ» деп, өркөкіректендім. Міне, осындай көкіректігім үшін күтпеген бір шапалақ жедім. Арабша жазуы ең нашар бір досыма (Хусрев) жете алмай қалдым. Барымды салып бақсам да болмады. Енді, ойласақ бұл бір нақты ескерту шапалағы екен.