ӘМІРДАҒЫ ЛАХИКАСЫ-І ден

Рефет бауырымыздың Хулуси сияқты Рисалей- Нұрға шын берілгендігін көрсететін хаты, Хулусидің хатын алған уақытпен тұспа-тұс келіп, қатты қуантты. Ол екі хат та қосымшаға енгізілсін. Рефеттің бейкүнәларға (балаларға) Құран оқытуы, өзінің де қосымшаларды жазумен, оқумен айналысуы үшін дұға етулері маған дәрі болып, науқасым жеңілдеп қалды.

Нұрлардың алғашқы шәкірті Хулуси мырза, Хазреті Ұстазға жазған хатында былай дейді: «Дүнияны ұмытқыңыз келсе ешбір себеп болмаса да, осы берекелі Рисалей-Нұрмен байланыс құрған кісілердің өтінішін орындап, түсінбегендерін түсіндіріп, сұрағандарына жауап беріп отырсаңыз да жеткілікті... Сізді Құдай үшін жақсы көргендерге, сізден (бір мәселені) түсіндіріп беруді сұрағандарға жазған қымбат жазбаларыңызды баяндап ғылыми мәжіліске сыйға тартқан сан-алуан тақырыптар, тіпті «Сөздер» кітабына енбеген мәселелер бар; демек қажеттілік те қызмет те бітпегенге ұқсайды» деген екен. Бұл, Нұр қызметінде ескертулер, нұсқаулар, жөн сілтемелер керек болатынын білдіреді. Бұдан кейін де туындайтын мәселелерге жауап беретін осы хаттар манағы кісінің тауып айтқан сөзін растап, бекіте түсуде.

Миуа Рисалесінің нағыз бағасын түсінетін, өзін «Миуашы» атап кеткен Рисалей-Нұрдың желі басылық қызметін атқарушы бауырымның осы жолғы хаты мені қатты қуантты. Өйткені Хулуси, Хаккы сияқты жиырма жылдан бергі өз ара сүйіспеншілік, достық, бауырластық бүгінге дейін жалғасумен қатар, олардың Рисалей-Нұрға деген алаңдаушылығы, табандылықтары араларындағы шынайы қарым қатынастар сияқты әлі де жалғасуда. Барған сайын шайқалмастай болып, нығая түсуде. Рисалей-Нұрға осындай шынайы ықыласқа ие, басқаларға үлгі боларлық шәкірттер бергені үшін Аллаһқа шүкір етемін. Олар да ақиқат жолында ықыласты болып Нұр қызметінде сабырлылық танытып, шүкір етуде.

Рефет бауырымыздың Хулуси сияқты Рисалей-Нұрға шын берілгендігін көрсететін хаты, Хулусидің хатын алған уақытпен тұспа-тұс келіп, қатты қуантты. Ол екі хат та қосымшаға енгізілсін. Рефеттің бейкүнәларға (балаларға) Құран оқытуы, өзінің де қосымшаларды жазумен, оқумен айналысуы үшін дұға етулері маған дәрі болып, науқасым жеңілдеп қалды.

Осы жолы жеті-сегіз хат алдым. Хулуси сағанжауап жазуға жағдайым да уақытым да мұрша бермегендіктенсен ренжіме. Мехмед Фейзи мен Әминнің хаттарын еш өзгеріссіз «Қосымшаға» енгіздік. Ол екеуі сегіз жыл бойы маған қызмететкендіктен, мені шамадан тыс суреттеп (мақтап) жіберулерін рухани бір дұға, ынталандыруға себеп болар жақсы ойлар ғой, Нұрдың аудармашысы болуы жағынан алғанда Ұстаздарына шын беріліп сенім артуларының бір белгісі ретінде айтқандарын шектемедім,араласападым.