Хафыз Али бауырым!

Бірде Барлада жұманың кеші дұға етіп отырғанымда сенің «әмин» деген даусыңды екі мәрте анық түрде естідім. Артыма қарап: «Хафыз Али қашан келген?» деп сұрап едім: «Ол келген жоқ!» деді. Бұл оқиғадан менің түйгенім: үш-төрт сағаттық қашықтықтан дұғама «әмин» сөзін естіртуі мынаны мегзейді: бір айлық қашықтықта тұрып осы жердегі менің дұғаларыма әсерлі де қуатты түрде «әмин» дегендей жазбасының үлгеріп, көмекке келуі тәуафук, керемет сәйкестік.

Хафыз Али бауырым! Сенің хатыңнан байқалып тұрған кішіпейілдігің, ыстық ықыласың және Хусревті мақтауың және Рисалей-Нұр шәкірттерін бір денедей көруің, сен туралы жақсы пікірімді, зор үмітімді қуаттап қанағаттандырды. Рисалей-Нұрдың екі Лүтфүлері, Мұстафалары және Хафыз Алилері, Кіші Сабри деуге лайық Нүрәддинмен бірге хас шәкірттер шеңберіне кіріп, Рамазанның нұрына, мағынауи табыс-сауаптарына иншаллаһ ортақ боп қабылданды. Әрбір беті мен үшін аса қымбат сый-кәде болып саналатын жазбаларың үшін саған қарыздармын.

Хафыз Алиді тексеруге келгендер былай депті: «Дүкендерде қағаз жоқ, Рисалей-Нұр шәкірттері қағазды тауысты!» дегені және Мехмет Зүхдүнің кітаптары өзіне қайтарылып берілуі; міне бұл Рисалей-Нұр шәкірттерін құлшындыратын әрі мақтануға тұрарлық және батылдық беретін оқиға.

Мәселен, Хафыз Али былай дейді: «Хусрев бауырымыз өзінің қаламымен жазылған «Құран мұғжизасы» атты рисалені фотокөшірме жасап бастырылуына қарсы болуы, сөйтіп темір әріптерге рұқсат шыққанға дейін күтуге дайын екенін білдіруі, оның зор ықыласты әрі нәпсінің ләззаттарынан мүлдем тыйылғанын анық көрсетеді. Өйткені фотокөшірме арқылы бастырылып көбейтілсе, оны өзі қолмен жазбағандықтан, Құранның мыңдаған нұсқасын өзі қолымен жазғандай Ислам әлемінің мағынауи назарына ілігіп ақыреттік сауап тұрғысынан орасан зор әрі бейкүнә, түк зияны жоқ жоғары мәртебеге ие болар еді. Ол, сол зор пайдадан бастартты. Ықыласын сақтау үшін ләззатты тастап, темір әріптерге риза болыпты. Ал, айтқан себеп-сылтауы яғни өзінің жіберген қателері көбейтілген кезде дәл солай көшеді дегені болса, темір әріппен үш мәрте баспаға кіретіндіктен ондай қателер бәрібір болуы мүмкін.

Сонымен, Хафыз Алидің ықыласпен айтқан сөздері және Хусрев туралы оның керемет ықыласты екенін жоғары бағалай білуі; Хусрев те шексіз, мәңгі-бақилық үлесінен бастартып менің бұрыннан бері қайталап келген дағуамды растады, яғни Рисалей-Нұрдың ақиқи шәкірттері иман қызметін бәрінен жоғары қояды, оларға «құрбият» мақамы яғни ең жоғары рухани мәртебе берілсе де ықылас үшін бас тартып. Қызметші болуды таңдады. Менің дағуамды іс жүзінде растағанына риза болып, мұндай бауырларымызды шын жүректен құттықтаймын. Хасан Атыф Бауырымыздың хатынан түсінгеніміз: ол шынымен аянбай қызмет етуде. Рисалей-Нұрдың муджахидтері, асыл азаматтары деп өзі айтқанындай, олардың қаламмен жасаған сый-кәделеріне дән риза болып былай дейміз: Хақ тағала мәңгі бақи разы болсын.

Нұр фабрикасының иесі Хафыз Али бауырым! Сенің Рисалей-Нұрға деген таңғажайып ықыласың, қарым-қатынасың, зор сенімің иншаллаһ, нұрлардың сол аймақта кеңінен тарауына себеп болып нұрландырады деп сенеміз. Сенің үлкен зілзәләнің дыбысын естімей, одан бейхабар болуың әлгі шапалақ жеген имам секілді Рисалей-Нұрдың кәраматы деп білеміз. Демек, Нұр шәкірттеріне зиян тимек түгілі тіпті қамқорлы түрде зілзәләнің болғанын да хас шәкірттерге сездірмейді, әсте қорқытпайды.