Рисалей-Нұрдың рухани адвокаты және хас батыры Ахмед Фейзи, Измирде Нұрдың көбейтілуіне және Измирдің оянуына еңбек сіңіріпті, көбейтілген нұсқаларды тексеруді қолға алыпты. Мехмед Яйла мен Абдурахман сияқты, көмектесіп жүрген басқа бауырлар Измирде Нұрларды көбейтуді жалғастыра беретіндігі жайлы хатты түрмеде Нұрдың жас батыры болған Байрам алып келді. Ахмед Фейзи сол арқылы біраз зейтін мен зейтін майын беріп жіберіпті. Мен Абдүлмәжид бауырымның сыйлықтарын қабылдамасам да Ахмед Фейзи бауырымды одан да жақын көретіндіктен сыйлықтарын қабыл алуға мәжбүр болдым. Бірақ өз қағидаларымды бұзбау үшін, сыйлықтардың қайтарымы ретінде менің атымнан бір Сөздер жинағын, бес дана Жәушанүл-Кәбир, Назифтің хатында көрсетілген маған тиесілі нұсқалардан үш дана және сендерге Стамбулдан келуі тиіс Хизб-і Нұриені беріңдер. (Саид Нұрси)

Айдын жақта ИншаАллах Ахмед Фейзи сияқты Нұрларға көңіл бөлуші Әли Акдағтың шын жүректен жазған хаты, дұғалары, ұсыныстары, Нұрдың әсерін сезінуі бізді және Нұр жамағатын қатты қуантты және осы айтқа жасалған ең үлкен рухани сыйлық ретінде қабыл алып отырмыз. Хақ Тағала олардың барлығына разы болсын. Арнайы және жеке жеке хат жаза алмағаныма ренжімесін. (Саид Нұрси)

Рисалей-Нұрдың адвокаты және Айдын аймағының Хасан Фейзисі сол өңірдің Хусреві, Ахмед Фейзи бауырымыз үш жылдан бері «Сикке-и Тасдиқ-ы Ғайбидің» Рисалей-Нұрға жасаған жүздеген ишаралары мен дәлелдерін нақты дәлеледер ретінде хадистерден және Аяттардан мағына шығарып, жифр есебімен Рисалей-Нұрдың рухани келбетін нақты дәлелдеп келеді. Рисалей-Нұрдың рухани келбетінің бір уәкілі болған Нұр шәкірттерінің рухани тұлғасына ишара етуші хадистердегі ишаралар Нұрдың тәржүманын көрсетуде деп біледі. Ақиқатында тәржүман, бір жағынан алғанда сол рухани тұлғаның бір уәкілі ғана. Әйтпесе ол қасиетті ишараларға лайық болуға менің құқым да шамам да жоқ. Жарайды, қалай болса да, мен көп зерттей алмадым. Ол сияқты аса алғыр бауырымыздың үш жарым жыл зерттеп зерделеген (тақырыптарын) уақыт болып денсаулық мүмкіндік берсе тексеріп-түзетіп шыққан соң өздеріңе жіберемін. Я «Тылсымдар» жинағына не «Лемалар» жинағына қосымша ретінде Рисалей-Нұрдың ақиқат екендігі жайлы айғақ ретінде енгізерсіңдер. Нұрдың адвокаты Ахмед Фейзи бауырымыздың тәбәрік ретінде жолдаған інжірлерінің орнына менің атымнан «Сикке-Ғайбие» жинағын беріңдер, әйтпесе інжірлері маған жақпайды. Өйткені соңғы кезде ақысы берілмеген сыйлықтар маған жақпай, ауыртып жатқандығы көптеген тәжірибелер арқылы дәлелденіп отыр.(Саид Нұрси)