Ал, Құран және Иманға қызмет менің саясатқа араласуыма неге бөгет болады?

Егер, саясатқа аралассам, алдануы оңай, аңқау қарапайым халық, алмастай қымбат Иман мен Құран ақиқаттарын өзіне жақтас жинау үшін саяси үгіт деп ойлап, күмәндануы мүмкін. Сөйтіп әлгіндей қымбат алмастарға арзанқол әйнек деп қарайды. Сонда саясатқа араласудың кесірінен алмаздай құнды ақиқаттардың құнын түсіріп, қиянат жасаған боламын.