Animekor.kz туралы барлық ақпарат

animekor.kz деген не?

Animekor.kz – қазақ тіліндегі аниме көруге арналған сайт. Субтитрде болсын, дыбыстамада болсын. Сайт өз серверінде ешқандай бейнефайл сақтамай, басқа танымал платформаларда орналастырылған бейнелерді бөліседі.

Ода "ZorAnime" бренді болғанымен, ол сайтта тек Zor.Anime тобы аударған аниме ғана бар дегенді білдірмейді. Барлық топтардың аударған анимелері болады.

Сайт қазір бета нұсқасында, сондықтан қателер мен багтар болуы мүмкін. Соның біреуін кездестірсеңіз, біздің чатымызға жібере аласыз. Біз оларды түзету үшін бар күшімізді саламыз.

Сайт жалпы не үшін?

Сайт сан жетпес қазақша анимелері бар Telegram арналарын алмастыруға арналған; бұл қазақ тіліндегі анименің жиналған мәліметтер базасын қамтамасыз ету әрекеті.

Неге кейбір релиздің сапасы жақсы, кейбірі жаман?

Біз бейнелерді негізінен дыбыстама не субтитр топтарының Telegram арналарынан / ВК парақшаларынан аламыз. Сондықтан, егер сонда бейнелердің сапасы төмен болса, мұнда да төмен болуы ықтимал.